
Бүгін, яғни 03 ақпан күні Жылыой аудандық жас техниктер станциясында аудан әкімі Ізбасов М.Ш, әкім орынбасары Өмірбаев Н.Ж, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Казиева Ж.О және ата-аналардың қатысуымен жаңадан "робототехника" кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Білім беру жүйесін дамытудың басым міндеттерінің бірі оқушылардың ғылыми- техникалық шығармашылығын дамыту Қазіргі заманда қосымша білім берудегі "робототехника" үйірмесі маңызды және өзекті үйірмелердің бірі. Оқу процесіне робототехниканы енгізу балаларды еркін жұмыс істеуіне өз әлуетін дамытуға мүмкіндік береді, жалпы мектептегі пәндерді оңай меңгеруге ықпалын тигізеді.