• 6 февр. 2017 г.

Маңызды өзгерістер уақыты

2017 жылдың 2 ақпанында Шашубай кентінің «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ еңбек ұжымында тарихи маңыздылығы аса зор құжаттарды - ҚР Президентінің билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері бойынша Үндеуі және мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау өтті.

Хан Л.К.,тарих пәнінің сертификатталған, жоғары санатты мұғалімі мемлекет Басшысының Жолдауындағы негізгі мәселелерге тоқталып, әлемде мемлекет құрудың әмбебап моделінің жоқтығын айтып өтті. Біздің еліміз өзінің 25 жылдық тарихи жолы бар қазақстандық іс-тәжірибе мен жетістіктерге сүйене отырып, өз даму жолымен келеді. Мемлекет Басшысы өзіне Конституциямен, Парламент және Үкіметпен берілген бірқатар өкілеттіліктерді тапсыру туралы жариялады. Конституцияның 20 астам бабы өзгереді. Тәуелсіз Қазақстан үшін тарихи маңызы зор кезең туып келеді.

Бегулинов К.С., директордың орынбасары үштілді білім беруге кезең-кезеңмен көшу жоспарына қолдау танытты. Ағылшын тілін толыққанды меңгермейінше Қазақстан жалпыұлттық озықтыққа қол жеткізе алмайды, бұл жағдайда қазақ тілінің үстемдігі сақталып қалады. Тұрғын үй құрылысын дамытудың кешенді шаралары бойынша әлеуметтік басымдықтар да ерекше көңілде: банктік несиелердің арзандауы, ипотекалық несиелерді субсидиялау, несиелік тұрғын үйлердің құрылысы.

Бокен Д., «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша келген жас маман, бастауыш сыныбының мұғалімі. Жолдау - бұл барша қазақстандықтарға қатысты нақты практикалық іс-әрекеттердің бағдарламасы. Жас маман ретінде, ең алдымен, білім беру жүйесінің ролі өзгеруі тиіс деп ойлаймын. Оқу бағдарламаларын балалардың сын тұрғысынан ойлау және өз бетімен ақпараттар іздеу дағдыларын дамытуға бағыттау керек.


Ульянова Т.П., еңбек ардагері, қазақ тілінде оқытатын сыныптардың орыс тілі мұғалімі. Президентіміздің саясатын қолдаймын. Заман талабымен үзеңгілес болу үшін елімізге жоғары білімді, функционалды сауатты, бәсекеге қабілетті азаматтар қажет. Біздің мақсатымыз - осындай ұрпақты тәрбиелеу. Қазақстанда әр алуан ұлт пен этнос өкілдері бейбіт өмір сүруде, «Мәнгілік Ел0 патриоттық актісі қабылданды. Барлық жақсы бастамаларды сақтап қана қоймай, көбейте түсу керек.

Мустафин Н.С., директордың ақпараттандыру бойынша орынбасары. Біздің алдымызда «Сандық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың маңызды кешенді міндеттері қойылып отыр. Бүгінгі таңда оқушылардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруда мектепте компьютерлер мен Интернет ресурстарының көмегімен оқыту тиімді болатынын ешкімге дәлелдеудің қажеті жоқ. Жодаудың басымдықтары – өмірлік инновациялық жаңарулар мен уақыт талаптарының аясында педагогтерге оқушының мектептік пәндік білімді меңгеруге деген уәждерін арттыра отырып, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ісін өзгертуге мүмкіндік беріліп отыр. Біздің мұғалімдер үшін үстем болып табылатын басты басымдық заманауи интербелсенді технологияларды енгізу болып табылады. IT-саласын дамыту барлық басқа салаларға шабыт береді.

Бужукова М.Н., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Мен Президентімізді қолдаймын. Жолдау еліміздің бүгінгі таңдағы жағдайына айқын сараптама жасап берді деп санаймын. Бағыттардың әрқайсысы әрі маңызды, әрі масштабты болып табылады. Жолдау келешегімізге деген сенімімізді күшейте түседі. Өйткені алға қойылған міндеттердің орындалуы халықтың дәулеттілігін арттырып, еліміздің әрі қарай жаңғыру бойынша міндеттерді шешеді. Бұл міндеттерді іске асыру барлық қазақстандықтардың қолынан келеді!

Шашубай кентінің «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ еңбек ұжымы мемлекет Басшысының елді басқарудың тиімді, тұрақты, заманауи жүйесін құру бойынша саясатын қолдайды және үлкен экономикалық жаңғырудың сындарлы парадигмасына, сонымен қатар Қазақстанның тұрақты да ілгерілемелі дамуына анық сенімдерін білдірді.



Хан Л.К.

тарих пәнінің жоғары санатты,

сертификатталған мұғалімі.


  • жолдау

Недавние посты

Смотреть все

«Алтын жүрек» республикалық байқауының жүлдегерлері

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More