
Облыстық экологиялық-биологиялық орталығында 2017 жылдың 09-16 қаңтар аралығында оқушылармен үйірме сабақтары өткізілді.
12 қаңтарда қосымша білім беру педагогы Зинешева Д.Д. №47 ЖОББМ -де «Қолөнер және экология» үйірмесінің мүшелерімен «Аппликациялық жұмыстар» тақырыбында ашық үйірме сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: алуан түрлі қағаздардан (картоннан) аппликация дайындау тәсілдерін игеру үшін жағдай жасау, сурет бойынша қағаздан аппликацияны жасау біліктілігін қалыптастыру.
Оқушылар 3 топқа бөлініп тапсырмаларын алды. Бір топ -жеміс-жидек, екінші топ-көкөністер, үшінші топ-жанаурлар бейнелерін жапсырды. Оқушылар қызығушылықпен қатынасып жұмыстарын жасады.
14 қаңтар күні Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының жануарлар бөлімінің меңгерушісі Мазяркина Т.Н. және «Зоотехнология» үйірмесінің мүшелері Облыстық Қазақстан – Орал телеарнасының «Күншуақ» бағдарламасында «Братья наши меньшие» атты тақырыпта қонақ ретінде қатысты. Бағдарламаға облыстық экологиялық-биологиялық орталығының балалар зообағының жануарларын ала барды, сонын ішінде тауық, әтеш-биылғы жылдын символы. Жануарлар бөлімінің меңгерушісі Мазяркина Т.Н. бағдарламада көрермендерді Жаңа жылмен құтықтап сөз бастап орталығымыз туралы, оқушылар жануарлар туралы әңгіме өрбітіп, ой бөлісіп қайтты.