
2017 жылдың 8-9 қаңтар күндері "Атамекен" ҚБЖТ жЭО-да білім қызметкерлері арасында шаңғы туризмі техникасы бойынша қалалық туристік слет өткізілді. Бұл слеттің мақсаты шаңғы туризмін және салауатты өмір салтын насихаттау, педагог кадрлардың біліктілігін, ептіліктерін көтеру, тәжірибе алмасу, облыстық жарысқа іріктеу. Команда құрамы 7 адам (3 ер, 3 әйел адам)+ 1 жетекші. Бұл жарыста жалпы 15 қала мектептерінің командалары қатысты. Жарыс өте қызықты өтті, барлық келген командалар жақсы дайындалып, өнерлерін көрсете білді. Жарыс бағдарламасы: 1. Берілген маршрут бойынша шаңғымен жүгіруден түнгі спорттық бағдарлау жарысы 2. Техникалық қашықтық кедергілерден өту 3. Байқаулар бағдарламасы - команданы таныстыру - бутербродтар байқауы - фотосуреттер байқауы 4. Шаңғымен жүгіруден эстафеталық жарыс 5. Қысқы жорықтың есебі 2016 жылдың 1 қаңтар - 2017 жылдың 1 қаңтар аралығындағы (1 күндік жорық есебіне 10 ұпай, 2-3 күндік жорық есебіне 20 ұпай беріледі)