
Жас натуралистер станциясының «Экология және адам денсаулығы» бөлімінің юнаттары қысқы демалыста «Жаңа жылдық маскарад» деп аталатын мерекелік кеш өтті. «Тойдың болғанынан болары қызық» дегендей, мерекеге балалар кызу дайындалды. Әр бала Жаңа жылдық шыршаны безендіру барысына бүкіл болмысымен қатысты, яғни әр түрлі балалық қиалдарымен ойыншықтарды өз қолымен жасады . Кеш барысында бір-бірне, ата-аналарына, ұстаздарына ұсынатын сыйлықтарын мейлінше адемі жасады.
Кешіміз ойын түрінде болды. Әр ойынның ортасында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп тұрды, яғни би- билеп, ән салды.
1. « Қазынаны тап » ойыны
2. «Кім жүйрік» ойыны
3. «Ауздын қыймылына қарап сөз тап» ойыны
4. «Биле-биле » ойыны
5. «Ойланып, әнді тап!» ойыны
Әр ойынан женген оқушыларға сыйлықтар таратылды. Оқушылар бұл кешке өте белсенді қатысты. Кешке қатысқан жоғарғы сынып оқушылары ескі жылға ризашылығын білдіріп, Жаңа жылда жақсы оқу үлгеріміне жетейік деп, бір-бірне, жан ұяларына жақсылық тіледі. Жас натуралистер станциясының мұғалімдер ұжымына аса зор ризашылық білдіріп, дендеріне саулық, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.