
2016 жылдың 28 желтоқсанында Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның күмбезді залында республикалық және халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, «Триумф» мерекелерінің өткен жылдардағы қатысушылары, және осындай жоғары нәтижелерге жетуге жетелеген педагогтар, ата-аналар қоғамдастығы өкілдері жыл сайын өтетін «Триумф» мерекесінде бас қосты.
Биылғы өткен мереке ерекше болды, себебі ол бәрімізге тарихи маңызы зор мерейтой жылында өтті: Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығы.
Мерекенің басталар алдында күмбезді залдың алдында холлда оқушылардың зияткерлік, спорттық, шығармашылық саласындағы жетістіктерінің көрмесі болды: мереке қатысушыларының, облыстың көркемсурет мектептерінің оқушыларының жұмыстары, робототехника саласындағы балалардың ғылыми әзірлемелері, кубоктар, медальдар.
Мереке шеңберінде қатысушылар өз жетістіктерінің тарихымен, өздерінің ойларымен бөлісіп, өздерінің тілектерін білдірді.
Мемлекет басшысының Қазақстан жастарының алғашқы форумында сөз сөйлеуінде белгілеп өткендей: еліміздің жеткен табысының тарихы – ең алдымен оның жастары қол жеткізген табыстың тарихы.
Балалар өздерінің шығармашылық, зияткерлік, спорттың жетістіктерімен, ізгі істерімен облысымыздың, Қазақстанымыздың даңқын шығарады! Отанымыздың өркендеуіне, өршіл жобаларымыздың: еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «Мәңгiлiк Ел» жалпыұлттық идеяның жүзеге асуына, Қазақстанда 2017 жылы өтетін «Болашақ энергиясы» ЭКСПО халықаралық көрмесін, қысқы Универсиаданы даярлап, өткізуге недәуір үлесін қосады.
Мереке марапаттау рәсімімен аяқталды. 25 оқушы, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанович Мұхамбетовтың қолынан «Триумф» мүсіндерін, құттықтау ашық хаттармен планшеттік компьютерлер сыйға алды. Балаларды дайындаған педагогтар, жаттықтырушылар Қостанай облысы әкімінің мадақтамалары мен ақшалай сыйлықтарымен марапатталып өтті.
Архимед Бегежанович балалар мен педагогтарды құттықтап, оларға келесі сөздермен тілек айтты: «…сендердің жетістіктерің – өздеріңнің еңбектеріңнің нәтижесі екендігін ұмытпаңдар. Бүгін жасаған істерің ертең мемлекеттеріңе екі еселеніп қайтарылады.
Өмірлеріңіздің түрлі оқиғаларға толы болғанын тілеймін. Мұнда барлығына да орын жетсін – оқу мен ғылымға, демалыс пен жұмысқа, қарым-қатынас пен достыққа!»
6 жыл ішінде жыл сайын өтетін «Триумф» құттықтау мерекесінің қатысушыларының саны 700-ден асты. Және осы күн өз өмірінің аса маңызды оқиғасы ретінде есінде қалды.

2016 жылдың алғашқы мерекесінің қатысушы Дворников Иван өзінің сөз сөйлеуінде айтқандай: «Осындай кездесулер аса маңызды, олар одан әрі жетілуге ынталандырады».