
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының 2016 жылғы 2 қарашадағы №475 бұйрығына сәйкес оқушылардың қоршаған ортаға деген түсініктерін кеңейту, табиғи заттардан қолөнер бұйымдарын жасау арқылы шығармашылыққа баулу, табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу мақсатында «Табиғат әлемі балалар көзімен» байқауы 23-25 қараша күндері Шымкент қаласындағы облыстық бейнелеу өнері мұражайында өткізілді. Байқауға 4 қала мен 9 ауданнан жалпы білім беретін мектептердің
5-10 сынып оқушылары мен қосымша білім беру мекемелерінің білім алушылары қатысты.
Байқау жұмыстары 5 номинация бойынша қаралды:
1. «Туған өлкенің тазалығы үшін» атты үгіт-насихат плакаттар номинациясы.
2. «Экология балалар көзімен» атты көркем суреттер номинациясы.
3. «Табиғат тынысы» тақырыбындағы фотосуреттер немесе фотоколлаждар
номинациясы.
4. «Табиғат формаларының пластикасы» табиғи материалдардан жасалған
бұйымдар номинациясы.
5. «Табиғат айнасы» атты табиғи материалдардан жасалған панно немесе
аппликациялар номинациясы.
Байқауға түскен жұмыстар саны 602, оның ішінде көркем суреттер - 268, фото - 104,панно141,поделкалар-89.

Байқау «Туған өлкенің тазалығы үшін» атты үгіт-насихат плакаттар номинациясының жаңашылдығымен, «Экология балалар көзімен» атты көркем суреттер номинациясы мен «Табиғат айнасы» атты табиғи материалдардан жасалған панно немесе аппликациялар номинациясына түскен жұмыстарының саны мен орындалу шеберлігі, тақырыпты жаңғырта білуімен ерекшеленді.
Жеңімпаздар 2016 жылдың 27 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысының білім бармасының дипломдары мен арнайы сыйлықтарымен, жеңімпаздарды дайындаған жетекшілер алғыс хаттарымен марапатталды.
Облыстық экологиялық орталықтың
директоры У.Ж.Камытбекова