
2016 жылғы 13 желтоқсанда Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Елім менің, Қазақстан!» тақырыбында мерекелік концерт өтті.
Мерекелік іс-шараға мектеп оқушылары мен педагогтары қатысты. Концерт рух беретін патриоттық әндер және шығармалардан бастау алды.
Концерт қазақ халық аспаптары оркестрінің орындаудағы Құрманғазының «Адай» күйімен (жетекшілер К.М. Ермекбаев, Н.Б. Кайшанов), Балтабек Каппасовтың орындауында жерлесіміз Мейрам Ермекбаевтың «Мақтанышым, Қазақстан» әнімен ашылды.
Мектеп педагогтары Константин Сергеевич Макаровтың (вокал), Иван Вячеславович Кузякиннің (гитара), Александр Александрович Андрющенколардың (рояль) орындауындағы «Родина моя» әні өз дәрежесінде шырқалды.
Әртістердің эмоционалды орындауы көрермендерді бей-жай қалдырмай, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік концерт қалалық, облыстық және халықаралық конкурстардың лауреаты жоғары сынып оқушылары хорының (сөзі Ұ. Есдәулет, музыкасы Ә.Әбдінұров) «Киелі Отан» әнін орындауымен аяқталды жетекшісі К.В.Миронец және сүйемелдеуші Д.С Масленников.