
2016 жылы 6 желтоқсан күні қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 8 – 10 класс аралығындағы оқушыларға арналған қалалық байқауы өтті.
Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды қазақстандық патриоттыққа, Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; туған өлкесіне, тарихи мәдениетіне және рухани мұрасына деген көзқарасын арттыру болып табылады.
Байқауға қаламыздың 10 мектебінен сұраныс беріп, 44 оқушысы қатысты. Олар №25, №31, №36, №19, №21, №27, №17, №3, №9 және № 41 орта мектебі.
Қалалық байқаудың бағдарламасы келесі кезеңдерден болды:
1. «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында» (топтың таныстыруы)
2 – 3 минут.
2. «Ақтөбе тәуелсіздік жылдарында» (1991 – 2016 жылдар аралығы),
сахналық көрініс немесе үгіт – насихат қойылымы 3 – 5 минут.
3. «Қазақстан армандар орындалатын мекен!» бейнефильм. 5 – 7 минут.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
І орын - № 19 орта мектеп «Болашақ» тобы.
ІІ орын – № 17 мектеп гимназия «Байконуровцы» тобы.
ІІІ орын - № 27 мектеп лицейі «Мечты сбываются» тобы және № 3 орта мектеп «Патриоты» тобы.
«Болашақ жастары» номинациясы – № 21 орта мектеп гимназия және № 36 орта мектеп.
«Жас өлкетанушы» номинациясы - № 25 орта мектеп және № 41 жалпы білім беретін орта мектеп.
«Тәуелсіздік ұландары» номинациясы - № 31 орта мектеп және № 9 мектеп гимназиясы.
Жеңімпаздар Ақтөбе қаласының білім бөлімінің дипломдарымен және мадақтамалармен марапатталды. Сонымен қатар қалалық жас туристер стансасының тарапынан жүлделі орындарға ие болған топтарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.