• 15 дек. 2016 г.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына – 25 түрлі шара


Ақтөбе қаласының қалалық жас натуралистер стансасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 түрлі шара ұйымдастырылды.

Тәуелсіздік жолындағы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен кезеңдерін, осы жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларын насихаттап, отаншылдыққа , ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шаралар еліміздің атаулы күндерімен байланыстырылды.

Станса әдіскерлері А.Кубесов "Жануарларды қамқорға алайық!» тақырыбында акция, «Ұзын құлақ сұр қоян!» тақырыбында көрме, Д.Есенгалиева «Поделки из природных матералов», «Күзгі фантазия», «Гүлге оранған кемпірқосақ» тақырыптарында шебер-класстар өткізді.

Р.Давлетова, Т.Шорина, Ж.Жантурина Н.Байганин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп «Бірлік пен ынтымақ – елдің белгісі», «Тәуелсіздік тұғырым!», «Тәуелсіз елім менің!», «Біздің күш қуатымыз – бірлікте», «Жарқын болашақты – Қазақ елі!», «Менің дамуым – Қазақстанның дамуы!» тақырыптарында дөңгелек үстелдер, ашық сабақ, кездесулер ұйымдастырды. І.Шайхы, А.Ұлықпанова, А.Беккулова «Табиғат айнасы», «Тәуелсіздік күнімен!», «Жайнай бер, Менің Қазақстаным!», «Қазақстанның гүлденуі жастардың қолында», « Тәуелсіздік – ел мұрасы!», «Менің отаным – Қазақстан!», «Тәуелсіздік – теңдігім!», «Біздің Ел Қазақстан!», «Біз – еліміздің жастары», «Тәуелсіздік –ел тарихы!», « Тәуелсіздік - ел бақыты!», «Моя Родина – Казахстан»тақырыптарында байқаулар, танымжорықтар, пікір сайыстар, мерекелік кештер ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 25 түрлі шара «Егеменді Қазақстанның Тәуелсіздігі құтты болсын!» тақырыбындағы мерекелік кешпен қорытындыланды. Белсене ат салысып, шығармашылықтарын шыңдаған стансаның үйірме мүшелері мен қосымша білім беру педагогтары Қалалық жас натуралистер стансасының Мақтау Грамоталарымен марапатталды.





Абыкаева Гүлмира Жайғалиқызы

  • зеленая планета

Недавние посты

Смотреть все

«Алтын жүрек» республикалық байқауының жүлдегерлері

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More