
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп "Экологиялық орталық" МКҚК 2016 жылғы 13 желтоқсан күні «ЭКСПО – 2017: «Жасыл құрылыс технологиясы Қазақстанда» атты көрме байқауы сырттай ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Қатысушылардың бойына адамгершілік құндылықтарды, Отанға деген саналы құрмет сезімін қалыптастыру, Қазақстанның келешегі «Жасыл әлем» туралы танымдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Байқауға үйірме білім алушыларымен қатар орталықтың педагог қызметкерлері қатысты. Байқауға білім алушылар арасында 160 жұмыс, педагогтар арасынан 25 жұмыс қатысты. Жалпы 185 жұмыс.
Байқауда жемісті жұмыстарының нәтижесін көрсете білген жеңімпаздарға «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ОҚО бойынша педагог-кадрлардың біліктілігін арттыру институтының дипломдарымен марапатталды.