
2016 жылдың 08 желтоқсан күні Алматы қаласында туристік-өлкетану және экологиялық-биологиялық бағытында Республикалық үйлестіру кеңесінің отырысына орталығымыздың директоры Ф.Кержикова қатысып, орталық ұжымы кеңесіне онлайн қатысты. Орталығымыздың өсімдіктер бөлімінің меңгерушісі Скрипникова Т.И. онлайн кеңесте «Инклюзивные образование и воспитание детей с ограниченными возможностями здоровья» атты тақырыбында баяндама оқыды.
Кестеге сай қосымша білім беру педагогтарының үйірме сабақтары және тәрбие сағаттары жүргізілді. Үйірме сабақтары өсімдктер , жануарлар және экология бағыттарында жүргізіледі. Орталығымызда үйірме оқушыларына арналған «Жасыл шыршаны қорғайық!» атты жаңа жыл мерекесіне дайындық жүргізілуде.