
26 қараша күні Қызылорда қаласында «Ізденіс жолы» қоғамдық қоры және «Эрудит» Интеллектуалды білім порталы ұйымдастырумен облыстық «ORDA – JUNIOR - 2016» дарынды оқушылар арасында үздік ғылыми жұмыстары байқауында Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығы «Робоконстуктор» үйірмесінің оқушысы Хамза Темирлан «Ардуино микро контроллерлерімен робот құрастыру және бағдарламалауды үйрету» тақырыбы бойынша жүлделі І орынды жеңіп алды. Жетекшісі : Ералиев Серикбол Мұратұлы.

Осы аталмыш жобада «ART. DMG шеберлері» үйірмесінің оқушысы Төлеген Ғазиз «Физика пәндеріндегі тәжірибе жұмыстарын оқушыларға анимациялау тәсілімен түсіндіру» тақырыбында ІІ орынды иеленді . Жетекшісі : Темірбайұлы Ақтілек.
Жүлделі орын иегерлерінің жетекшілері Алматы қаласында қаңтар айында өтетін ІV Халықаралық Журналистика және коммуникация қысқы мектебіне қатысу сертификатына ие болды.