• 29 нояб. 2016 г.

Тәуелсіздік жалауы қолөнер байқауы


«Жерұйық» жас натуралистер станциясының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 15 қарашада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жоспарлы «Тәуелсіздік жалауы» атты қолөнер байқауы өткізілді. Бұл байқауға орталықтың «Өсімдіктер әлемі», «Экология», «Зоология», «Өлкетану және туризм» бөлімдері қатысты. Байқаудың жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланды: байқаудың тақырыбына сай орындалуы; білім алушылардың ойлау ерекшеліктері, орындау шеберлігі; түстерді орынды қолдануы.

Байқауды қорытындылау үшін 3 адамнан құралған саралау комиссиясы құрылды. Оның шешімі бойынша 850 асықтан құралған «Көк тудың желбірегені» атты қолөнер жұмыстары үшін «Өсімдіктер әлемі» бөлімінің ұстаздары - бөлім меңгерушісі Келгенбаева Анар І - орынды жеңіп алды.

ПВХА материалдарын қолданып, ерекше түсті таңдай отырып жасаған жұмыстары үшін «Өлкетану және туризм» бөлімінің ұстаздары - бөлім меңгерушісі Г. Ердаулетова ІІ - орынды жеңіп алды. «Тәуелсіздікке - 25 шың», «Гүлдене бер-Қазақстан» атты тақырыптағы қолөнер жұмыстары үшін «Зоология» бөлімінің ұстаздары - бөлім меңгерушісі А. Абенова мен «Экология» бөлімінің ұстаздары - бөлім меңгерушісі А. Смагулова жүлделі ІІІ - орынды иеленді.

Аталған байқаудың қолөнер бұйымдары 2016 жылғы 19 қарашада өткізілген Республикалық семинардағы көрмеге келген қонақтардың көзайымына айналды.


«Жерұйық» жас натуралистер станциясы

2016 жылғы 15 қараша

  • зеленая планета

Недавние посты

Смотреть все

«Алау» және «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындарының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Алматы облысы, Көксу ауданы, Қ.Қ. Жалайыри атындағы ОМГ «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің республикалық әскери-патриоттық қозғалысы ұйымының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Алау» және «Жас ұла

«Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг

2021 жылғы 09 қаңтар күні Қарағанды қаласы, №77 жалпы білім беру мектеп- балабақша кешенінің «Жас Сарбаз» 9"Б",10"Б", сынып тәрбиеленушілері арасында «Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг өткіз

«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі»

Қарағанды облысы, Сатпаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназиясы қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастау мақсатында, адам өміріндегі ең игі істерінің

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More