• 24 нояб. 2016 г.

Туған елге құрмет


19 - қараша күні Шу қалалық мәдениет үйінде Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жерұйық» жас натуралистер станциясының ұжымымен ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Туған елге – құрмет!» атты республикалық семинар өткізілді. Ел тағдыры, ер тағдыры қыл үстінде тұрған талай қилы заман өткеніміз бізге мәлім. Тәуелсіздікке жетудің өзі бір қиямет еді біз үшін. Батыр елдің ұрпағы үшін тәуелсіздіктің ақ таңы атты.

Қашанда ел тәуелсіздігінің қаз тұруынан бастап, бүгінгі таңда еңбектері бағаланып, Ғылыми педагогикалық еңбек жолында талай жетістіктерге қол жеткізіп жүрген азаматтардың еңбектерін насихаттау және жасөспірімдерді елдің өркендеп өсуіне мемелекетіміздің нығайюына өз үлесін қосуға дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылған семинар көптің көңілінен шықты.

Ауданымыздың көркейіп, өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген, Шу ауданының тумасы жерлесіміз қазіргі таңда Қазақ Ұлттық аграрлыық Университетінің « Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факултетінің деканы , экономика ғылымдарының докторы, доцент Абаева Құрмангүл Төлеутайқызының қосқан үлесі өте зор.

Ауылым гүлденсін, көркейсін, көгалдансын деген ниетпен «Жерұйық» жас натуралистер станицясымен ауданымыздың ауыл мектептеріне ағаш көшеттерінің 1600- ге жуық түрлерін тарту етті. Мәселен 1000 түп шырша, 100 түп алма 500 – ге жуық түрлі көшеттер (өрік, қарағай, емен, үйеңкі, терек) сыйға тартылды. Ағаштардың күтімімен отырғызу әдіс – тәсілдерін меңгерту мақсатында Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультетінің ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Шыныбеков Мұрат Кенжебекұлы ,ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, Қазақ Ұлттық аграрлық Университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультетінің қауымдастырылған профессоры: Шабалина Мая Викторовна

семинар – практикумдер өткізді.

Абаева Құрмангул Төлеутайқызының туған жеріне деген тартуын насихаттауда «Туған елге – құрмет» тақырыбында ұйымдастырылған Республикалық көлемде семинарға Қазақ Ұлттық Университетінің аға оқытушылары, дцент, профессорлар, ауданымыздың мектеп директорлары мен орынбасарлары және ауыл шаруашылығына қызығушылық танытып жүрген 10-11 сынып оқушылары, сонымен қатар қосымша білім беру мекемелері қатысты. (қатысушылар саны -300) .Семинар барысында келген қонақтар еліміздің ауылшаруашылығы мен орман шаруашылығының дамуы және қажеттілігі сонымен қатар Ел басы Н.Назарбаевтың «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша әр азаматтың елінің , жерінің көркейуіне өз үлесін қосу парыз екенін ескере отырып, осындай игі істі атқарып жүрген жерлесіміздің еңбектерін , насихаттау көпшілік назарынан шықты.

Сонымен қатар семинарда «Жерұйық» жас натуралистер станциясының ұлағатты ұстазы Р.Абдикеримова «Экологиялық білім мен тәрбие берудегі жұмыс нәтижелері» баяндамасында , ауданымыздың экологиялық проблемаларды шешудегі атқарған жемісті жұмыстары туралы айтып өтті. Семинарда ауданымыздың мәслихат хатшысы Е.К.Өміралиев мырза К.Т.Абаева ханымға құттықтау сөз жолдай отырып, Құрмет грамотасымен мадақтаса, білім бөлімінің басшысы К.И.Қожағапанова ханым бағалы сыйлықтармен шапан жауып құрмет көрсетті.

Семинар концерттік бағдарламамен ұласып, оқушылардың өлең – жырлары, музыкалық ән- шашуларын тарту етті.


«Жерұйық» жас натуралистер станциясының

директордың оқу – әдістемелік жұмысы жөніндегі

орынбасары: Қ.Садыкова

  • зеленая планета

Недавние посты

Смотреть все

Өзін-өзі басқару үйлестірушілерімен онлайн кездесу

Алматы облысында өнер мектебі ашылады

«Бірінші: Гагарин және Куба» онлайн Халықаралық фотокөрмесі

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2021 ж.

РҚББОӘО-ның жұмыс жоспары
РҚББОӘО-ның жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

30.png

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More