• 22 нояб. 2016 г.

Ұлы даламыздың қалаларына саяхат


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және Ақтөбе, Қызылорда облыстарының әкімшілігімен өзара әріптестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес «Ұлы Жібек жолы» атты туристік маршрут қарашаның 15 – 18 аралығында ұйымдастырылды. «Ақтөбе – Түркістан – Қызылорда – Байқоныр - Ақтөбе» маршруты бойынша экскурсияға Ақтөбе қаласының Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқаулар жеңімпаздарынан 20 оқушы соның ішінде Қалалық жас туристер стансасынан 8 оқушы іріктелініп алынды. Бұл экскурсиямыздың мақсаты оқушыларды Түркістан қала тарихымен, XV ғасырда тұрғызылған Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен таныстыру және аты аңызға айналған ата-бабаларымыздың тарихи ескерткіштеріне деген құрметке тәрбиелеу болып табылады.

Бағдарлама бойынша экскурсиямыздың алғашқы күні Арыстанбаб және Қожа Ахмет Яссауи кесенелерінен басталды. Оқушылар Арыстанбаб бабамыз және Ахмет Яссауи туралы көптеген қызықты аңыз - әңгімелермен танысып білімдерін кенейтіп, Отырар және Сауран қалашығынан көптеген мағлұматтар жинады. «Гауһар ана» кесенесі, «Шығыс моншасына», «Үкаша ата» құдығына барып су алып, сахаба жайлы аңыз-әңгімелерді оқушылар қызыға тыңдады. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы тарихи сәулет нысандары, қала ескерткіштерін аралап, өлкетану музейінде Түркістан қаласы туралы мәліметтер алды.

Бағдарламаның екінші күні бойынша оқушылар Қожа Ахмет Яссауи қазақ - түрік Халықаралық университетінің кітапханаларымен, оқу кабинеттерімен, конференция залдарымен танысып, университет студенттерімен әңгіме құрып, мамандықтар туралы ақпарат алды.

Экскурсиямыздың үшінші күні Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы станциясына келіп, экскурсиямыз Қорқыт Ата кесенесінен бастауын алды. Экскурсовод оқушыларға түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, қобызшы Қорқыт ата туралы аңыз әңгімелермен, оның кешені бойынша қызықты әңгімелер айтылды. Келесі аялдамамыз Байқоңыр қаласы болды. Әлемде космосқа ұшатын 3 космодром болса, соның бірі біздің жеріміздегі Байқоныр қаласы туралы экскурсовод қала тарихымен таныстырып, Ю. Гагариннің жүрген жолдарымен жүру, қаза болған мемориалдары мен ескерткіштерін көру оқушылар үшін көптеген әсерін қалдырды.

Жалпы экскурсия бойынша оқушылар үлкен әсер алды. Көне қала тарихтарымен танысып, тамаша көңіл күймен Ақтөбе қаласына оралды. Экскурсияны ұйымдастырушыларға оқушылар және ата – аналар алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.




Қалалық жас туристер стансасының

педагог ұйымдастырушысы Кенжатова Аим Бахиткалиевна

  • жас саяхатшы

Недавние посты

Смотреть все

Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды

Диснейленд үлкен күн электр станциясын ашады

Ішкі істер министрінің кеңесшісімен кездесу өтті

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More