• 18 нояб. 2016 г.

Табиғаттың жас жанашырлары


Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының жоспарына сәйкес «Экологиялық орталық» МКҚК ұйымдастыруымен 2016 жылдың 17-18 қараша күндері облыстық сырттай шығарма сайысы өткізілді. Сайысқа Бәйдібек, Түлкібас, Шардара, Төлеби, Сарыағаш, Сайрам, Отырар, Созақ аудандары мен Шымкент, Кентау, Түркістан, Арыс қалалары қатысты. Ордабасы ауданы қатыспады.

Сайыстың тақырыбы: «Өмір тамшысы» және «Бұлттарға айтыңдаршы құстар»

Мақсаты: су әлемі мен құстар жөнінде балаларға шағын желісі бар әңгіме (эссе), өлеңдер құрастыра білуге үйрету және оларға қамқор болуға тәрбиелей отырып экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру, оқушылардың өз беттерімен сипаттама беру іскерліктерін дамыту, шығармашылықтарын арттыра отырып табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

Сайысқа жалпы орта білім беретін мектептерінің 5-10 сынып оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының жасөспірімдерінің 312 жұмыс келіп түсті. Түскен жұмыстарды «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ОҚО бойынша педагог-кадрлардың біліктілігін арттыру институтының және М.О.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің аға оқытушылары оқушылардың шығармаларын зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Шығарма сайысының ерекшелігіне тоқталсақ:

«Өмір тамшысы» шығарма сайысында адамның суды пайдалануда ауыз судың жетіспеу мәселесі, суға деген көзқарасымызды қалай өзгертуге болатындығын, су ресурстарын қорғап қалу баршамыздың міндетіміз екендігін айқын көрсете білді.

«Бұлттарға айтыңдаршы құстар» шығарма сайысында туған өлкем сенен сұлу жер жоқ, уланған ғаламшар, адамзат ғаламшарды өзгертеді, қала денсаулығының адам ағзасына әсері, автокөліктердің атмосфералық ауаны ластауы туралы мәселелерді өлеңдетіп жеткізген.

Облыстық сырттай шығарма сайысындағы қазылар алқасы шешімімен төменде көрсетілген оқушылар жеңімпаз деп танылды.

Сайыста өздерінің жемісті жұмыстарының нәтижесін көрсете білген жеңімпаздарға Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етіледі. Сонымен қатар жеңімпаздарды дайындаған жетекшілер дипломдармен марапатталды.


Облыстық «Экологиялық орталық»

МКҚК бөлім меңгерушісі Ж.И.Исмаилова

  • зеленая планета

Недавние посты

Смотреть все

«Алтын жүрек» республикалық байқауының жүлдегерлері

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More