
2016 жылдың 15-16 қарашасында Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының әкімшілігі «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі және «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Кемелді келешекке - Кемеңгер Елбасымен!» атты облыстық форумның өткізілгенін мәлімдейді. Форумның мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы және «Жас Ұлан» ұйымының
5-жылдығына орай Отанды сүюге, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жас ұрпақтың бойына ұлттық рух жалынының ұшқынын дарыту.
Форумның бірінші күні аудан (қала) жасұландықтарына және үйлестірушілер мен тәлімгерлеріне секциялық (тренинг) жұмыстар жүргізілді. 1-секция «Көшбасшы болуға ұмтыламын» тренингі, жетекшісі МОжМТІШӨОО-тың педагог -психологы Аринова Айгерім, 2-секция: «Көшбасшы идеалы» тренингі, жетекшісі «Жас Ұлан» ұйымының белсенді жасұландығы Сайлаухан Меруерт, 3-секция: «Көшбасшылардың алғы қоятын мақсаты» тақырыбындағы секция жұмысы, жетекшісі Қазақстан студенттер Альянс Республика студентінің қозғалысының Жамбыл облысы бойынша көшбасшысы Мұратбаев Әлібек, 4-секция: «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы елімнің ертеңі» тақырыбындағы секция жұмысы Жамбыл облысы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Болатбек Уалихан жүргізді.
Келесі күні қалалық Мәдениет үйінде сағат 11.00-де «Кемелді келешекке – Кемеңгер Елбасымен!» атты облыстық форум өтілді.
Форумға Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы - Шевченко Светлана Михайловна, Қалалық «Нұр Отан» партиясының төрағасы - Асқарбеков Ильяс Арынұлы, Совет дәуірінің кезінде пионер-комсомол ұйымдарының жұмысына басшылық жасаған, білім саласының ардагері - Абдуллаева Тамара Петровна, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, бірнеше дүркін халықаралық біріншіліктердің жеңімпазы, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері – Таңатаров Ақжүрек Достықұлы, «Жамбыл облыстық Үкіметтік емес ұйым Ассоциация» төрайымының менеджері – Золотько Нелли Андреевна және форумға қолдау көрсеткен «Жаңа Шабыт» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары – Успанова Ботагөз Болатқызы форумға қатысушы жастарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы және «Жас Ұлан» ұйымының 5-жылдығымен құттықтап, сырттай өткізілген байқауда орын алған жасұландықтар мен жасқырандықтарға дипломдар тапсырды.
Форумда Тараз қаласының №54 және №17 орта мектептердің үздік 7 оқушысы жасқырандыққа және 7 оқушысы жасұландыққа қабылданды. Байқау соңында балалар мен жасөспірімдер қозғалысының дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеудегі және өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беруге қосқан үлесі үшін Т.Рысқұлов ауданының үйлестірушісі – Тілеубаева Эльзат Аязқұлқызы, Меркі ауданының үйлестірушісі – Мамедова Ирада Рустамқызы және Шу ауданының үйлестірушісі – Жумаканова Гульнар Баймухамедовна құрмет грамотасымен марапатталды. Форум соңында аудандық және қалалық үйлестірушілер мен тәлімгерлерге арналған әдістемелік нұсқаулық таратылды. Форумға ауданнан және қаладан 15 үйлестіруші, 26 тәлімгер, 100 жасұландық, 30 облыстық штаб жасұландықтары, 15 қосымша білім беру педагогтары және Тараз қаласының мектептерінен 50 жасұландықтар қатысты. Жалпы қатысушылар саны: 221 адам
Форумға қатыспаған аудандар тізімі:
Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп;
Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты;
Меркі ауданы, Гранитагорск мектеп-интернаты.
Сырттай өтілген байқауларда орын алған оқушылар тізімі:
1. «Тұғыры биік еліммен мақтанамын» атты облыстық сырттай байқауы
«Ең дарынды» жасұландық номинациясына Талас ауданы, Жұман Назым
«Ең білімді» жасұландық номинациясына Т.Рысқұлов ауданы, Базарова Аналя
«Ең тапқыр» жасұландық номинациясына Қордай ауданы, Болат Мақсат
«Ең жігерлі» жасұландық наминациясына Т.Рысқұлов ауданы, Бейшен Самат
2. «Менің сүйікті ұстазым» атты облыстық сырттай байқауы
«Ең дарынды» жасұландық номинациясына Шу ауданы, Көшен Дильназ
«Ең білімді» жасұландық номинациясына Тараз қаласы, Рысбекова Анель
«Ең тапқыр» жасұландық номинациясына Байзақ ауданы, Гравчук Никита
«Ең жігерлі» жасұландық наминациясына Тараз қаласы, Бердіғали Ұлдана
3. Жас фотоәуесқойлардың «Күзгі қиял» атты облыстық сырттай байқауы
І-орын – Жамбыл ауданы, Серік бағлан
ІІ-орын – Қордай ауданы, Жұматай Елдана
ІІІ-орын – Шу ауданы, Оразова Айсұлу
4. Жас фотоәуесқойлардың «Көне Тараз» атты облыстық сырттай байқауы
І-орын – Шу ауданы, Аманжол Мариям
ІІ-орын – Т.Рысқұлов, Қылышбек Қуандық
ІІІ-орын – Байзақ ауданы, Асанова Гүлзат