• 14 нояб. 2016 г.

Тәрбие отбасынан басталады


Атырау облысы Білім беру басқармасы «Облыстың білім беру ұйымдарында ерте жастан жүкті болудың алдын алу жұмыстарын күшейту бойынша іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында Жылыой ауданы, №4 орта мектебінде «Отбасы – өнеге мен тәрбие ұясы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

«Ұлттық құндылығымыздың ұйытқысы – тәрбиелі қыз» облыстық жобасын жүзеге асыру барысында қала, аудандарда тірек мектептері белгіленген болатын. Жылыой ауданында өткен семинарда №4 орта мектебі жобаның тірек мектебі ретіндегі жұмысымен таныстық.

Семинар қыз тәрбиесі тақырыбындағы дөңгелек үстелмен басталды. Дөңгелек үстелге ардагер ұстаздар, ауылдың қария әжелері, ата-аналардың қоғамдық кеңесінің төрайымы қатысып, өзекті мәселе бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

Семинардың жұмысы «Сырғалы жеңге, сұлу қыз» сайысының көрінісімен, «Ұлағат болсын ұлыма, ғибрат болсын қызыма» театрландырылған көріністерімен аяқталды. Шараның ерекшелігі тірек мектебі ұлдармен жүргізілетін жұмысты «Тарлан» ұл балалар клубы арқылы көрсете білді.

Облыстық шараға облыс әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы, Білім беру басқармасының, аудандық білім беру бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты мамандары, қалалық, аудандық мектептері директорларының орынбасарлары, психологтар.

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды

Диснейленд үлкен күн электр станциясын ашады

Ішкі істер министрінің кеңесшісімен кездесу өтті

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More