
Отбасы күніне орай облыстың білім беру ұйымдарында бірқатар іс-шаралар өткізілді, соның бірі - «Отбасылық тәрбие негізінде қыз баланың рухани-адамгершілік және әдептілік қасиеттерін қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық семинар.
Шара мекемелер, кәсіпорындарға барып өткізуімен ерекшеленді. Қала, аудандарда мектеп ұжымдары жергілікті мекемелердың қызметкерлеріне шараларын ұйымдастырса, Білім беру басқармасы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында қызметкерлер үшін семинар өткізді.
Бұл семинар жұмысына облыстық прокуратура, қалалық, аудандық мектептерден Аналар кеңесінің, қыздар кеңесінің өкілдері, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинарға қатысушылар Атырау қаласының «Тағылым» жекеменшік мектебінің шығармашылық тобы «Мейірімге ғана мұқтажбын» саханалық қойлымын тамашалады, психолог-мамандарының тренингіне қатысты. Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Үбіғалиева Самал құқықтық сауат ашу сағатын өткізді.
«Отбасы күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған семинар аясында Ұлттық құндылықтарға негізделген отбасы мен ана тәрбиесінің рөлін қалыптастыру мақсатында «Үздік Аналар» облыстық байқауы өткізілген болатын.
Байқау Атырау қаласы мен барлық аудандарда өткізілді. Байқаудың қорытындысымен жеңімпаз атанған аналар марапатталды:
- Жұмағалиева Нұржамал Мұхамбетиярқызы – Жылыой ауданы;
- Жұмағалиева Нұргүл – Индер ауданы;
- Абилова Нұраш Қайратқызы – Мақат ауданы;
- Аяпбергенова Гүлайым – Махамбет ауданы;
- Елшібекова Индира Аманғалиқызы – Қызылкоға ауданы;
- Дүйсенова Айнұр Меңдігерейқызы – Исатай ауданы;
- Өтегенова Бақытжамал Сапиқызы – Құрманғазы ауданы,
- Изтелеуова Гүлайым Керейқызы – Атырау қаласы.