
Атырау облысында мектеп туризмін дамыту бағытында 2016 жылға арналған жоспарын іске асыру мақсатында бірқатар шаралар өткізілуде.
Қыркүйектің ортасында қала, аудандардың спорт әдіскерлері, жалпы мектептердің, облыстық білім ұйымдарының дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, нұсқаушылар, колледжлердің аға оқытушылары арасында спорттық бағдарлаудан оқу-әдістемелік семинар-курсы өтті. Семинарда «Спорттық бағдарлауды өткізу туралы», «Демалыс күндері жорықты ұйымдастыру», «Туристтерді тамақтандыру туралы, карталардың түрлері, Азимут деген не?», мектеп туризімінің практикалық, теориялық сабақтары, туризмнің тактикалық және техникасы бойынша дәрістер оқытылды.
22-23 қыркүйек күндері 2001-2003 жылы туған балалардың арасында спорттық бағдарлау және туристік техника бойынша облыстық жарыстар өткізілді. Жарыстар бағдарламасында жергілікті жерде бағдарлау, эстафета, кедергілерден өту, т.б. Жарыстарда бірінші жүлделі орынды Құрманғазы ауданының командасы иеленді.