Педагог ұйымдастырушы:Нариманова А.Е.

Күзгі демалыс – бұл әр оқушы аңсап күтетін уақыт, өйткені бұл оқу жылында демалуға арналған мүмкіндік. Бұл аралықта үйірме сабақтарымен қоса оқушыларға қызықты «Алтын күз» мейрамы және Орал қаласының мұражайларына саяхат жоспарланып, ұйымдастырылды.
2016 жылдың 2 қараша күні "Бәйтерек" мүгедек балаларға арналған емдік-педагогикалық орталығы базасында қосымша білім беру педагогы Скрипникова Т.И. ұйымдастыруымен "Алтын күз"мерекесі өткізілді.
Осы шараға ТТЦ "Бәйтерек" мүгедек балалары оның ішінде облыстық экологиялық-биологиялық орталығының "Радуга" үйірмесінің мүшелері және ата-аналар қатысты. Мереке әсерлі және қызықты өтті. Балалар үлкен қызығушылықпен ата-аналарымен бірге байқауларға қатысып, ән айтып, өлеңдер оқыды.
Сондай-ақ оқушылар жеміс-жидектерден көрмеге бұйымдар жасады. Мереке өте қуанышты да көңілді атмосферамен өтті. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан педагогикалық университетінің ерікті студенттері балалар үшін мерекелік концерт ұйымдастырды. Мерекенің соңында барлық балаларға сыйлықтар таратылды.
Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының қосымша білім беру педагогы Ф.К.Каумбаева күзгі демалыс кезінде үйірме мүшелерімен оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында «Жас энтомолог» үйірмесінің мүшелері Кажалаева Назгүлмен «Түйежапырақтың биологиялық ерекшеліктері» тақырыбында зерттеу жұмысын бастады және Кусайнова Ақторғынмен «Крассула өсімдігінің емдік қасиеттері» тақырыбындағы жұмысын жалғастырып, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті қызметкерлерімен өсімдіктің жапырағының бойындағы шырын құрамы туралы зертханада жұмыстар жасауға байланысты рұқсат алды. Серіков Мархабат, Баркалиева Камиламен зияткерлік байқауларға дайындық жұмыстарын жүргізді.
Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты тәрбиеленушілерімен жүргізілетін «Табиғат сырлары» үйірмесі мүшелерімен жылыжайда өсімдіктерді күтіп-баптау, жануарлардың тіршілігімен таныстыру бойынша саяхат өткізіп, сурет салу жұмыстарын жүргізді.
1-қараша күні қосымша білім беру педагогы Рыскалиева А.М «Экология және мен» үйірме мүшелерімен экологиялық және тарихи өлкетану мұражайларына саяхат жасады, мұражайдан балалар өздеріне көптеген әсер алды.
3 -қараша күні «Жас эколог ғалым» және «Экология және мен» үйірме мүшелері Мұз айдыныда сырғанады.
1 қараша күні « Лесной патруль» үйірмесі жетекшісі Антипова Н.С экология және өлкетану мұражайында болды. Экскурсия жетекшісі өлкеміздің табиғаты туралы өте терең мағлұматтармен таныстырды. Әсіресе өлкемізде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларға көп көңіл бөлінді. Оқушылар қызығушылықпен жабайы қабан, бұғы және т.б жануарлардың тұлыптарын тамашалады.Қызыл кітапқа енген белуга балығының тұлыбы ерекше үлкендігімен ұнады.