Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың жылдық жоспарына сәйкес 2016 жылдың 3 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Атадан қалған мұрамыз» атты облыстық жыр-терме және күй орындаушылар өнер сайысы өтілді. Байқауға барлық аудан мен қала мектептерінен 70 оқушы қатысты.
Байқау 9-12, 13-17 жас ерекшеліктері бойынша екі бағытта өтті.
бірінші бағыт: дәстүрлі ән, терме, толғау орындау;
екінші бағыт: ұлт аспапта жеке орындау.
Байқауға әділ қазылық етуі үшін, Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының «Музыкалық білім» кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Рысметов Ержан Ходжабергенұлы әділ- қазылар алқасының төрағасы болып бекітілді.
Сонымен қатар, Жамбыл облыстық филормониясының дәстүрлі әншісі Ибаділдаев Ерлан Маманбайұлы ;
- «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Жастар арасында ұлттық тәрбиені насихаттаушы, өнер мен мәдениет өкілі Нұрақбаев Ринат Даниярұлы;
- Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «Домбыра» пәндік цикл комиссиясының меңгерушісі Көрпебаев Төрехан Амантайұлы;
- Қалалық мәдениет үйінің әдіскері Елібаева Мираш Асылбекқызы қазылық етті. Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар:
9-12 жас (жыр-терме)
І орын – Әбілқасымов Мейрамбек (Байзақ ауданы)
ІІ орын – Алға Әмина (Қордай ауданы)
ІІІ орын – Жұмахан Әсем (Байзақ ауданы)
ІІІ орын – Жаныбек Рамазан (Меркі ауданы)
13-17 жас (жыр-терме)
І орын – Сәрсенбаева Жансая (Т.Рысқұлов ауданы)
ІІ орын – Алпысбай Айбол (Меркі ауданы)
ІІІ орын – Мұхамед Балнұр (Т.Рысқұлов ауданы)
9-12 жас (күй)
Бас жүлде – Қонысбаева Ақерке (Тараз қаласы)
І орын – Сағатбек Дулат (Жамбыл ауданы)
ІІ орын – Әзімбаев Нұрәділ (Байзақ ауданы)
ІІІ орын – Жақсылық Әсел (Тараз қаласы)
13-17 жас (күй)
Бас жүлде – Халиева Қаракөз (Байзақ ауданы)
І орын – Әзімбаев Мейірбек (Байзақ ауданы)
ІІ орын – Алтайқызы Томирис (Сарысу ауданы)
ІІІ орын – Әлімқұл Сұлтан (Жамбыл ауданы)