
2016 жылғы 28 қазан Бәйдібек ауданы
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 6-бабына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының 2016 жылғы 18 қазандағы №453 бұйрығының негізінде «Экологиялық орталық» МКҚК ұйымдастыруымен «Мектеп оқушыларының экологиялық сауаттылығын арттыра отырып, табиғатты қорғауға үйрету» тақырыбында мектептерде экологиялық білім мен тәрбиені дамыту, тәжірибе алмасу мақсатында Арыс қаласы мен Созақ, Ордабасы, Мақтарал аудандарынан биолог-эколог, білім бөлімінің әдіскерлері мен жас натуралистер станциялары директорларының қатысуымен облыстық экологиялық семинар-тренинг өткізілді.
