• 28 окт. 2016 г.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген «Гүлдене бер - Тәуел


Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының қолдауымен, облыстық «Экологиялық орталық» МКҚК ұйымдастыруымен оқушылардың бойына өз отанына деген сүйіспеншілік пен елжандылықты қалыптастыру, табиғи заттардан бұйымдар және гүлдер композициясын жасау арқылы эстетикалық сұлулыққа баулу, гүл мәдениетін көтеруге және қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында .2016 жылдың 27 қазан күні Тәуелсіздік 25 жылдығына орай "Гүлдене бер - Тәуелсіз Қазақстан!" атты облыстық гүлдер фестивалі өтті. Фестивалге жалпы орта білім беретін мектептер (8 сынып оқушылары) мен қосымша білім беру ұйымдарының жас экологтары (әр команда да 5 оқушы, 1 жетекші) қатысты.

Фестиваль 2 кезең бойынша өтті:

1. "Гүлдене бер - Тәуелсіз Қазақстан!" тақырыбында көрме ұйымдастыру.

2. "Гүлге ғашық жан-тәнім" атты тақырыпта өнер көрсету (ән, би, сахналық көрініс).

Фестивалде ОҚО бойынша экология департаментінің мамандары, Қалалық білім беру мектептерінің, Оқушылар сарайының, Өнер мектептерінің ұстаздары атсалысып сайысқа қатысушы командалардың білімдері мен өнерлерін сараптап, бағалау жұмыстарын жүргізді.

Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының дипломдары мен арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

Сонымен қатар табиғат қорғау саласының яғни, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі іс-шараны ұйымдастыруда демеушілік көрсетіп жеңімпаз командаларды дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттап және жеңімпаз дайындаған жетекшілерге дипломдар табыс етті.

Іс – шараға 400 астам адам қамтылады.Оның 110 қатысушылар мен ұйымдастырушылар, 290 көрермендер.


  • зеленая планета

Недавние посты

Смотреть все

Жастар – елдің болашағы

Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру

Стендтік үлгілеу бойынша көрме-байқауы өткізілді

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More