
Батыс Қазақстан облысының экологиялық-биологиялық орталығы 2016 жылдың 21 қазан күні «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Мектеп орман шаруашылығы және оқу-тәжірибе үлескесі қызметтерін ұйымдастырудағы инновациялық әдістер мен тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Мақсаты : «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудан , облыстық, калалық жалпы орта білім беретін мектептерде мектеп орманшылығының, оқу- тәжірибе үлескелері және мектеп жылыжайларының қазіргі жағдайы және жаңаша инновациялық әдістер мен тәсілдер арқылы жұмыс түрлерін жүргізу бағытындағы жұмыстарды жандандыру.
Семинарға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінен экологиялық – биологиялық қызметті ұйымдастырушы білім бөлімдерінің әдіскерлері, үлескі, мектеп жылыжайы мен мектеп орман шаруашылығының жетекшілері қатысты. Барлығы - 50 қатынасушы болды.


