
Техникалық шығармашылық орталығы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің қолдауымен 2016 жылдың 23 қазанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Экология – ел тағдыры» тақырыбындағы флешмоб акциясын өткізді.
Флешмоб акциясының мақсаты мен міндеттері:
Тараз қаласындағы зардап шегіп отырған аймақтардықоқыстардан қорғау, табиғаттың ластамауын қамтамасыз ету;
Тараз қаласы тұрғындарын елін, жерін, өз қаласын сүюге, табиғатты қорғап аялауға, судың қадірін білуге шақыру;
Балалар мен жасөспірімдерді өз елінің патриоты болуға шақыру.
«Экология – ел тағдыры» атты эко-флешмоб ақциясына қаланың № 11 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары (директор – Бердімбетова Г. К.), қосымша білім беру орталығының «Баспасөз орталығы» үйірмесінің педагогтары (Тұрғанбаева Ж. Қ., Тлемисова А. О., Заурбекова З. К.) мен тәрбиеленушілері қатысты.
Акция Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының қызметкерлері, Тараз қаласы білім бөлімінің қызметкерлері, БАҚ қызметкерлері, жол полиция қызметкерлері қатысуымен өтті.
Акцияда тақырыпқа қатысты түрлі ұранды сөздер айтылып, табиғатқа қатысты түрлі плакаттар мен суреттер көрсетілді. «Тазалық сенен басталады» атты күнтізбелер таратылды. «Біз таза қаланы қалаймыз» атты тақырыбына флешмоб ұйымдастырылды. Халақты тазалыққа шақыру мақсатында оқушылар полиция қызметкерлерінің қатысуымен көшелерді аралап өтті.
Балалар мен жасөспірімдерге қолдау көрсеткен қонақтар:
Облыстық білім басқармасының өкілі- С. М. Шевченко;
Қалалық білім бөлімінің өкілі – М. Г. Алиева;
ЖКХ бөлімінің қызметкерлері.