
21 қазанда Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында қала мектептерінің информатика және физика пәні мұғалімдерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Робототехника негіздері» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинар қалалық білім бөліміне қарасты 50 мектептен 57 мұғалімді қамтыды. Мектеп мұғалімдері «Роботехника» және «Робоконструктор» үйірмелері оқушыларының жасаған жұмыстарын тамашалады.
Семинарда Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі Сариев Раушанбек Әбілдаұлы «Робототехника негіздері» тақырыбында шеберлік сабағын көрсетіп, үйірмеде оқушылармен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін таныстырды.
Ахметов Серік – Назарбаев зияткерлік мектебінің информатика пәнінің мүғалімі "LEGO Mindstorms EV-3" жиынтығымен түрлі оқу бағдарламаларын жасау тақырыбында шеберлік сабағын көрсетті.

