
Антони ван Левенгук (нидер. Antoni van Leeuwenhoek, нидер. Thonius Philips van Leeuwenhoek; 24 қазан 1632, Делфт — 26 тамыз 1723, Делфт) —Нидерландлық микробиолог, микроскоптардың алғашқы конструкторы, ғылыми микроскопияның негізін қалаушы, 1680 жылдан бастап Лондон королдік қоғамының мүшесі.
Өзі құрастырған микроскоптармен әртүрлі тірі материялардың микроқұрылымын зерттеп ғылыми микроскопияның дамуына көптеген үлес қосқан. Өзі құрастырған 150 — 300 есе үлкейтетін оптикалық шынымен көзге көрінбейтін қарапайымдар, бактериялар, эритроциттерді көріп, олардың капиллярлардағы қозғалысын да байқаған. Оның әсіресе адамның тісінен алынған өңездегі тіршілік ететін бактерияларды егжей-тегжейлі сипаттаған мәлімдемесі - үлкен ғылыми жаңалық болды.
Левенгук бұл культурадан жыбырлап жүрген өте ұсақ жәндіктерді көргенін және олардың соншалықты көптігіне тан, қалып, олардың шамасы бүкіл Құрама Корольдықтағы адамдар санынан көп болса керек деген пікірге келеді. Бұл тірі организмдердін. ішінде шар және қысқа таяқша тәрізділері және спираль тәрізді түрлері бар екендігін ол анық байқады. Сонда Левенгук әзі жасаған микроскоппен түрлі ашытқы саңырауқұлақтарды, бактериялар мен инфузорияларды керген. Левенгуктын, ашқан жаңалығы микроорганизмдер дүниесін зерттеуге, сәйтіп микробтар жөніндегі ғылым -микробиологияның дамуына жол ашты.
Өз зерттеулерін Левенгук «Антони ван Левенгук ашкан табиғаттың құпия сырлары» деген атпен 1695 жылы кітап етіп жарыққа шығарды. Алайда ол бұл организмдерді сипаттап жазғанымен олардын, табиғатта алатын орнын, әрекеттерін білмеді. Әйткенмен Левенгук зерттеулері сол кездегі кәптеген табиғатты зерттеуші ғалымдардың назарын аударды.
Қазіргі кезде Левенгук қолжазбаларының жиынтығы 20 томдық кітап болып шыққан.

