
Үстіміздегі жылдың 18-қазан күні Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының «Көшбасшылар» клубының ұйымдастыруымен қала мектептерінің арасында қалалық «BrainRing» интеллектуалды сайысы өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың жан-жақты білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, шығармашылық ізденістерін жетілдіру, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сайысқа қала мектептерінен 22 топ (110 оқушы) қатысты. 25 сұрақтан тұратын бұл интеллектуалды бәйгеде : І орынды 15 ұпаймен жүлделі №217 орта мектеп;
ІІ орынды 14 ұпаймен №15 мектеп лицейі;
ІІІ орынды тең ұпаймен № 2 мектеп пен № 3 мектеп лицейінен құралған топ қанағат тұтты. Жеңімпаздар арнайы кубокпен және дипломдар, алғыс хаттармен марапатталды.
