• 21 окт. 2016 г.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әскери – патриоттық клубтарының («По


Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Полициялық академия» үйірмесі мен «Айбын» әскери-патриоттық клубы өз қызметін бірнеше жылдан бері атқарып келеді. Осы секцияларға балалар қабылданып, әскери-патриоттық тұрғыда дәріс алады. «Полициялық академия» үйірмесі 1996-1997 оқу жылында құрылып, бұл үйірменің басты мақсатының бірі - өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру. «Полициялық академияда» балалар алғашқы кәсіптік бағдар алады, тергеуші, криминалист, заңгер мамандықтарымен танысады. «Айбын» әскери-патриоттық клубы 1999 оқу жылы алғашқыда «Тараз барыстары» болып құрылған. Бұл клубтың мақсаты: әскери мамандықты саналы түрде таңдау үшін жағдай жасау. Нәтижесінде, осы үйірмеге қатысқан көптеген жас жеткіншектер Қазақстан Қорғаныс Министрлігінің оқу мекемелерінде ғана емес, сонымен қатар Ресейде де (Мәскеуде) білім алып жатыр.

Жыл сайын қазан айының ортасында Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтеді. Оқушылар ҚР-ның әскери саптық жарғысына сай бөлімшелер бойынша лектік сапқа орналасып, ант қабылдау рәсімінің ашылу салтанатына дайын тұрды. Жамбыл облыстық білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу бөлімінің бастығы Дәрібаева Гүлзира Лесбайқызы қонақ ретінде шақырылды.Орталық директоры Кашкинова Шарякуль Көпжасарқызы ант қабылдау рәсімін салтанатты түрде ашық деп жариялады. Аталмыш рәсімді «Полициялық академиясы» үйірмесінің жетекшісі Жамаубайұлы Сәулет жүргізді. Ант қабылдау алдында салтанатты түрде ту ұстаушылар Қазақстан Республикасының туын кіргізіп, еліміздің әнұраны орындалды. Орталықтың 150 курсанты әскери ант қабылдады.

Ант қабылдау рәсімінде Жамбыл облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы полиция полковнигі Қалжанов Қуаныш Жақсылықұлы, Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының педагог-ұйымдастырушысы, лейтенант Аманжолов Қанат Жақыпбекұлы, Бастапқы әскери дайындық кафедрасының ТарМПИ оқытушысы, сержант Ошақбаев Жанболат Донбайұлы оқушылардан ант қабылдады. Рәсім командирі С. Жамаубайұлы әскери - патриоттық клуб мүшелерінің әскери ант қабылдады деген баяндамасынан кейін Орталық директоры Ш.Кашкинова : «Бүгінгі қабылдаған анттарыңа адал болып, болашақта елдің қорғаны болыңдар. Еліміздің патриоты болыңдар»- деп, клуб мүшелерін осы салтанатты рәсіммен құттықтады. Рәсім соңында қонақ ретінде келген жергілікті полиция қызметінің кинолог мамандары және жол патрульдік полициясының автоураган кызметінің мамандары жас курсанттарға өз жұмыстарын қалай жүзеге асыратынымен таныстырды.


Қасымова Жібек Жұмабекқызы

Қосымша білім беру педагогы

МОжМТІШӨОО

  • ерлік

Недавние посты

Смотреть все

«Алтын жүрек» республикалық байқауының жүлдегерлері

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More