
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 15.09.16 жылғы № 400 бұйрығының негізінде 2016 жылғы 28-30 қыркүйек күндері Сайрам ауданы, "Болашақ" сауықтыру лагері базасында жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, ақыл-ой санасын салауатты өмір салты негізінде қалыптастыру, оқушы назарын туған өлкенің экологиялық проблемаларына аудару мақсатында «Менің денсаулығым-менің болашағым-менің экологиям» атты облыстық 3 күндік жас экологтар слеті өткізілді.
Слетке облысымыздың Сарыағаш, Сайрам, Түлкібас, Ордабасы, Бәйдібек, Отырар, Мақтарал, Шардара, Созақ, Қазығұрт аудандары мен Түркістан, Арыс, Кентау, Шымкент қалаларынан жалпы орта білім беретін мектептер мен мектептен тыс мекемелердің 8 сынып оқушылары қатысы. Шымкент қаласынан 2 команда (әр команда да 5 оқушы, 1 жетекші) жалпы 15 команда қатысты. Жалпы қатысушылар саны - 121 адам.
Слетке қатысушы командалар 5 бағыт бойынша сайысқа түсті:
1. «Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі» командалық презентация және үгіт-насихат тақырыбындағы түрлі жанрдағы көріністер.
2. «Білгір эколог» экологиялық лабиринт.
3. «Экология және біз» экологиялық соқпақ.
4. «Дені саудың – жаны сау» спорттық эстафетасы.
5. «Табиғат-Анамыз өзіңнен денсаулық аламыз» байқауы.
Жеңімпаз командалар Оңтүстік Қазақстан облысы басқармасының дипломдары және арнайы сыйлықтарымен, жеңімпаз команда дайындаған жетекшілер дипломдармен марапатталды.
Іс-шара барысы "Қазақстан-Шымкент", "TVK", "NAR" TV, телеарнасының жаңалықтарынан көрсетіліп, іс-шараның қорытындысы туралы "Отырар" телеарнасының "Жаңа күн" таңғы ақпараттық бағдарламасына тікелей эфирден сұхбат берілді. "Оңтүстік Қазақстан", "Понарама Шымкент", Сайрам аудандық "Дөнгеленген дүние" газеттеріне материалдар жіберілді.



Облыстық экологиялық орталық директоры
Камытбекова Улжан Жайлауовна