2016 жылдың 4–9 қазан күндері аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Машат шатқалында туристік көпсайыстан (тау туризмі техникасы) ҚР Республикалық чемпионаты кубогінің ақтық сынағы өтті. Алматы облысының атынан чемпионатқа Текелі қаласының «Ирбис-Текелі-7» қомандасы қатысты.
Команда құрамы:
ғарбай Заңғар - команда капитаны
Сакбаев Архат;
Бондаренко Николай;
Браун Кристина.
Команда жыл бойы барлық жарыстар мен чемпионаттарға қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болып жүр. Жалпы чемпионат бойынша «Ирбис-Текелі-7» командасы үшінші орынға ие болды.
Кубоктың ақтық сынағында «Ирбис-Текелі-7» қомандасы «Джунгария» туриадасында жақсы жорыққа шыққандығы үшін қосымша кубокты ұтып алды, ал команда мүшелері Талғарбай Заңғар (№5 мектеп оқушысы) ҚР жеке кубогін және Браун Кристина қыздар арасында екінші орынды иеленді.





Текелі қаласының Балалар- жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы