Астана қаласы, Техникалық шығармашылық орталығында 1-ші қазанда қарттар күніне байланысты «Алғыс алған арымас...» атты мерекелік іс шара өткізілді.
2016 жылғы 1қазанда Астана қаласында № 49 мектеп және «Техникалық шығармашылық орталығының» үйірмесінде қарттар күніне байланысты «Алғыс алған арымас...» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым–қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу, халқымыздың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрлерімізді құрметтеу. Мерекелік іс-шараға біршама қонақтар шақырылды. Кеште үйірме оқушылары еңбек ардагерлеріне деген сұрақтарын қойып, ардагерлерге деген игі тілектерін де білдірді. Сонымен қатар кеште үйірме оқушылары ардагерлерге арналған концерттік бағдарлама берді.

