• 6 окт. 2016 г.

27-қыркүйек Бүкілдүниежүзілік туризм күніне орай «Алтын күз-2016» атты спорттық-туристік жарысы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қалалық білім беру бөліміне қарасты «Жас туристер станциясының» ұйымдастыруымен 14 қыркүйек күні «Кеншілер» саябағында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай және Бүкілдүниежүзілік туризм күніне арналған «Алтын күз - 2016» туристік спорт жарысы өтті.

Жарыстың басты мақсаты - туристік жорық пен жарыстар арқылы оқушылардың денсаулығын нығайту, зиянды әдеттерден сақтандыру, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, туристік білім мен ептіліктерін жетілдіру.

«Жас туристер станциясының» жылдық жоспарына сәйкес, «Алтын күз -2016» жарысы жылда аталып өтілуде. Мектептердің сұранысы бойынша қалалық жарысқа 15 топ қатысты. Бұл жылдан жылға мектептердің қызығушылықтарының артқанын көрсетуде.

Жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Оқушылар жарыс ережесіне сай бірнеше кезеңдерден өтті. Атап айтатын болсақ: кедергілер жолағы, маятник, төмпешек, асылма өткел, паралель жіптер, траверс. Екінші кезең бойынша: топографиялық шартты белгілер, алғашқы медициналық көмекке байланысты сұрақтарға жауап беру және туристік жіп түйіндерін байлау түрлерінен жарысты.

Барлық кезеңдерден сүрінбей өз ептіліктерін тайсалмай мықты етіп көрсеткен М. Кашқари атындағы мектеп-лицейі жүлделі 1 орынға ие болды. 2-орынды Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейі ие болса, 3 орынды әл-Фараби атындағы №14 мектеп –гимназияның оқушылары ие болды. Оқушылар бағалы сыйлықтармен мақтау қағаздарымен марапатталып, топ жетекшілеріне қалалық білім беру бөлімінің алғыс хаты табысталды. Қалалық жарыстан жүлделі орынға ие болған топтардың арасынан оқушыларды іріктеп облыстық «Жас туристер станциясының» ұйымдастыруымен өтілетін жарысқа жолдама алды.

Ж.Сұлтанмұратова

«Жас туристер станциясының» қосымша білім беру педагогы

  • жас саяхатшы

Недавние посты

Смотреть все

Өзін-өзі басқару үйлестірушілерімен онлайн кездесу

Алматы облысында өнер мектебі ашылады

«Бірінші: Гагарин және Куба» онлайн Халықаралық фотокөрмесі

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2021 ж.

РҚББОӘО-ның жұмыс жоспары
РҚББОӘО-ның жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

30.png

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More