«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ғарыштық білім беруді дамыту аясында оқушылардың астрономияға, физика мен ғарышқа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, халықаралық астрономиялық конкурстар, олимпиадаларға топтарды таңдау мақсатында 2016 жылдың 25 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласында өткен «Оқушылардың республикалық астрономиялық турниріне» қатысқан:
1) Марс Шынар - дарында балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат-кешенінің 8 сынып оқушысы;
2) Мұратов Исабек - дарында балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат-кешенінің 9 сынып оқушысы;
3) Задагереева Бекзада – дарында балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат-кешенінің 10 сынып оқушысы;
4) Самиголлаева Акгулим – №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушылары республика бойынша 27 команда қатысқан командалық жарыста 1 орынға ие болып, команда мүшелері І дәрежелі дипломдармен марапатталды.


