Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында 20 қыркүйек, 2016 жылы сағат 10.00-де Бейіндік оқыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тіл-тірліктің айнасы» тақырыбында топтық олимпиада өткізілді.

І кезең «Тамсандырған тұнық тіл» айдарында Ана тіліміз қазақ тілі жайында айтылған қанатты сөздерді немесе авторын экраннан ұяшықтар таңдап, жауабын тапты.




ІІ кезең «Дат!» бөлімінде «Үш тұғырлы тіл саясаты біздің ойымызбен...» тақырыбында әрбір топ қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар алып жүруді қолдап отырған бүгінгі қоғамға алып-қосар ойларын еркін тілмен жеткізе білді. Жазбаша нұсқасы қазылар алқасына берілді. Мәтін 250 сөзден аспауы керектігі ескертілді.

ІІІ кезең «Антонимдік аңдатпа» айдарында оқылған сөздердің қарама-қарсы мағынасын берілген уақыт аралығында постерлерге жазып көрсетті.

ІҮ кезең «Емле есімізде ме?» айдарында тапсырма әр топқа берілген 10 сөздің дұрыс жазылуы бойынша бағаланды.
Олимпиадаға қатысқан 14 қала мектеп оқушылары арасында достық қарым-қатынасты кеңейтіп, ұстаздар арасында тәжірибе алмасу мақсатында орталық педагогтары Кеңшілік Сабыржан мен Темірбайұлы Ақтілек тренингтер өткізді.

Қорытынды кезеңде қазылар алқасының мүшелері Алтаева Зауре және Нақышева Бағдагүл сөз алып, олимпиада барысында жіберілген қателіктер мен жетістіктерге тоқталып, шәкірттерін дайындап әкелген ұстаздарға алғыс білдіріп, көрсеткен білім дәрежелеріне байланысты қалалық білім бөлімінің дипломдары мен алғыс хаттарымен марапатталды.

№ 271 мектеп І орын
№№7, 235 мектептер ІІ орын
№№212,197,189 мектептер ІІІ орын
№№112,136,173,10 мектептер алғыс хаттарға ие болды.