Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылғы 26 тамыз күні Кен-баба этносаябағында облыстық жас туристер станциясы «Балалар туризмі күні» атты мерекелік іс-шара өткізді. Аталмыш іс-шара алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Мұнда станцияның 100 үйірмешісі қатыстырылып, оларға туристік шеберлік сабағы, фотосуреттер көрмесі, концерттік бағдарлама көрсетіліп, сыйлықтар үйлестіріліп, тәтті шай дастарханы жайылды. Мерекеге облыс әкімшілігінен, қалалық кәсіпкерлік палатасынан, Сайрам-Өгем табиғи паркінен, «КЛАД» қоғамдық ұйымынан, туризм саласы қызметкерлері, «Казахстанская правда», «Южный Казахстан», «Сиқырлы сандық», «Рабат» басылымдары мен «Отырар», «Нар-Тв» телеарналарынан келген журналисттер жас туристер станциясының ұжымын құттықтап, атқарып жатқан жұмыста сәттілік тіледі. Ал, балалар сазды бағдарламаны тамашалап, станция тарапынан алғыс хат пен кәдесыйлықтарға ие болды. Іс-шара соңы жайылған тәтті шай дастарханымен тәмамдалды.










