
Конституция залында шығармашылық атмосферада британдық жазушы, журналист Ник Филдингтің «South to the Great Steppe: The Travels of Thomas and Lucy Atkinson in Eastern Kazakhstan, 1847-1852» («Оңтүстікке Ұлы далаға: 1847-1852 жылғы Томас пен Люси Аткинсонның Шығыс Қазақстанға саяхаты») атты кітабының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ, Томас Аткинсонның шөберелері - Пол Далквист, Белинда Браун, Филиппа Смит, РоузУайтхед және басқа отбасы мүшелерімен кездесу өтті.
Осы айырықша кездесу Мәдениет және спорт Министрлігінің, Ұлыбританиядағы Қазақстан Елшілігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының қолдауымен өтті. Тұсаукесер модераторы ҚР ҰАК басшысы Үмітхан Мұналбаева ханым болды. Модератором презентации выступила руководитель НАБ РК Умитхан Муналбаева. Қонақтарды МСМ мәдениет және өнер істері департаменті басшысының орынбасары Нұрболат Ахметжанов жылы қарсалды. Н. Ахметжанов Мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мухамедиулы атынан Ник Филдинг пен Пол Далквистке «Қазақстан Республиксы мен Ұлыбритания арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға және екі елдің тарихи-мәдени мұраларын сақтауға қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз. Қазақ жеріндегі кездесулер екі ұлт арасындағы ыңтымақтастықты нығайтып, гуманитарлық байланыстың болашақ ұрпақ үшін әрі қарай дамуына және арта түсуіне себеп болады деп сенеміз» делінген Алғыс хат тапсырды. Ник Филдинг кітаптың жазылуы туралы айтып, кітапхана қорына бірнеше данасын сыйлады.
Томас пен Люси қазақ жерін зерртеп, ат үстінде Сібірден Ұлы далаға дейін мыңдаған шақырым жер жүріп, 1848 жылдың қыркүйегінде Жоңғар Алатауының етегіндегі Қапал мекеніне жетеді. Арасына екі ай салып, саяхатшылар балалы болады. Ұлының есімін Алатау Тамшыбұлақ деп, Қалдағы белгілі бұлақтың атымен атап қояды. Аткинсонның ұрпақтары осындай жылы кездесу ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтып, кітапхана қорына кітаптар мен Томас Аткинсонның суретін сыйлады. Кітаптың тұсаукесеріне қонақ ретінде Барнауыл қаласының өлкетанушысы, жазушысы, аудармашы Наталья Волкова келді. Ол, 2012 жылы британ зерттеушілерінің Орал, Сібір және Қазақ даласына саяхаты туралы жазылған «Восточная и Западная Сибирь» (Шығыс және Батыс Сібір), «Воспоминания о Татарских Степях и их жителях» («Татар даласы мен оның тұрғындары туралы естеліктер») атты еңбектерін ағылшын тілінен орыс тіліне аударған. Люси Аткинсон кітабының «Письмо из Копала от 17 октября 1848 года» (Қопалдан хат, 17 қазан 1848 жыл) атты тарауы Томас пен Люсидің Қазақ даласына саяхаты туралы қызықты және жылылықпен жазылған.
Тұсаукесерде МСМ мәдениет және өнер істері департаменті басшысының орынбасары Нұрболат Ахметжанов, белгілі түркі зерттеушісі Мырзатай Жолдасбеков, ақын Серик Тұрғынбеков, жазушы Шәрбану Бейсенова, ҚР Ұлттық музейінің басшысы Дархан Мыңбай, ВВС коммерциялық қызметінің басшысы Сергей Становкин, Мемлекет тарихы институтының басшысы Бүркіт Аяған, т.ғ.д., профессор, ЕҰУ дінтану кафедрасының меңгерушісі Әшірбек Мүминов, Барнауыл өлкетанушысы, жазушысы, аудармашы Волкова Наталья, журналисттер, кітапханашылар. Тұсаукесерге қатысқан қонақтар, Томас пен Люси қалдырған жазбалары Ұлы дала тарихының байлығын айқындап, Қазақстанның мәдени мұрасына, тарих пен география, мәдениет пен дәстүрдің қалыптасуына қосар үлесі мол деп есептейді.