
Шіркін-ай, жер бетінде гүлдің келбетінен сұлу, гүлдің иісінен тәтті не бар десеңізші! Әсіресе, осы бір нәзік жаратылыстан шоколад иісі мүңкіп тұрса, айтарыңыз бар ма? Жо-жоқ! Сіз жаңсақ түсінген жоқсыз. Жер бетінде шоколад иісі шығатын гүл бар екен.
Cosmos atrosanguineus деп аталатын гүл-өсімдік (қазақшасы "қара космея") климаты суықтау келетін елдерде өседі. Оның негізгі отаны - Мексика. Көпшілігінің биіктігі 60 сантиметрден асады. Өсімдік ғылымға 1902 жылдан бері белгілі.
Гүлдерінің диаметрі төрт сантиметрді құрайды. Қою қызыл түсті келетін және ванилиннің нәзік иісі мүңкіп тұратын гүл тәбетіңізді бірден ашады. Өкінішке орай, оның жеуге жарамды жері жоқ. Шоколад иісі гүлден шуақты, жылы күндері қатты шығып тұрады екен. Жақсы күтім жасалған жағдайда оның гүлі бірнеше ай бойы жайқалып тұра алады. Ал сабағы мен жапырақтарында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ.
Шоколад – бақыт, көтеріңкі көңіл сыйлайтын бір энергия көзі.

Қаншама ғасырдан бері рухани антиоксидант (ағзаны зиянды заттардан қорғайтын химиялық зат) болып саналады. Денеміз күні бойы шаршайды және су жоғалтады, қоршаған ортаның ластығы, темекі түтіні, ультракүлгін сәулелер сияқты сыртқы орта факторларының, сонымен қатар ағзадағы табиғи реакциялардың нәтижесін де зиянға ұшырап, «токсин» деп аталатын көптеген улы заттар пайда болады. Сондықтан ағзамыздағы токсиндерден арылу үшін көп мөлшерде антиоксидант қабылдауымыз керек. Ал мұның ең қарапайым жолы – шоколадтың өзінде. Құрамындағы Е дәрумені, магний және темір жүрек ауруларына шалдығу қауіпін азайтады. Сондықтан шиколадты күніне ең аз дегенде 10 грамм жеу керек.