• 3 июня 2016 г.

СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР


Сонау ерте замандардан бастап музыка мен музыкалық аспаптар адамдарға жолдас болып келеді. Сол кездерден бастап олардың сыртқы түрлері өзгеріп келеді. Мәселен, фортепианоның сыртқы келбеті әдепкіде дөрекі, ұсқынсыз болып көрінген. Кейіннен ол нағыз салиқалы адамдардың музыкалық аспабына айналды. Сіздер ары қарай сирек кездесетін, таңғажайып, әрі заманауи музыкалық аспаптармен таныс боласыздар! Алысқа ұзамаңыздар!


САКУЛЕЙТА

Бұл аспап жапонның бамбуктан жасалған «сякухати» атты флейтасының жоғарғы бөлігін еуропалық оркестрлік флейтаға жапсырып қойғандай әсер береді. Мұндай ғажайып музыкалық аспаптың пайда болуы, шығыс мәдениетіне деген қызығушылықтың артуынан деп пайымдайды мәдениеттанушылар.

ГЛЮКОФОН

Бұл музыкалық аспап ұрамалы. Медицина тілінде «перкуссия», яғни, әр жерлерден ұрып тексеру деген ұғым бар. Бұл да сол мағынаға жақын болып отыр. Бұл аспап сырт көзге ұшатын тарелканы елестетеді, себебі формасы дөңгелек. Аспаптың төменгі бөлігінде ойық бар. Ондай тереңдіктегі ойық үстіңгі бөлігіндеде бар. Аспаптың төменгі ойығын тізеге баса отырып, үстіңгі ойықтың әр жерлерінен не қолмен, не болмаса арнайы таяқшамен ұрғылайды. Глюкофон сыңғырлаған қоңырауларға ұқсас тамаша бір үн шығарады.

ӘЙНЕК СЫРНАЙ

Бұл аспап 1761 жылдан бері ұмыт болған. 1920 жылдары қайта сәнге ене бастады. Ирландықтар әр түрлі өлшемдегі бокалдардың ішіне су толтырып, бокалдардың бетінен саусақпен айналдыра жүргізіп әдемі бір әуез түзетін. Бенджамин Франклин осы жайтты көрген соң осы тұрпаттас аспап ойлап табуды көздеді. Діттегенін жүзеге асырып 48 әйнек жартышардан тұратын бір тізбек бойынша айналатын аспап жасап шығарды. Белгілі бір өлшемге дейін су толтырылатын құрал саусақтардың нәзік тиуімен бірге әдемі әуезді үн шығарады.


ВЪЕЛЬ, ХЁРДИ-ГЁРДИ немесе арба тәріздес лира Бұл музыкалық аспапты Еуропада 15 ғасырда ойлап тапқан. Аспаптың сыртқы пішіні Виолаға ұқсайды, артықшылығы екі ішегі бар. Үн айналып тұрған жапсарласқан арбадан шығады. Үні ерекше.


  • музыканттар

Недавние посты

Смотреть все

Жастар – елдің болашағы

Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру

Стендтік үлгілеу бойынша көрме-байқауы өткізілді

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More