Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні орталық саябақта Жетісай қаласы және Асықата, Атакент, Мырзакент мектептерінің оқушылары арасында «Көктем найзағайы - 2016» атты туристік көпсайыстан жарыс болып өтті. Жарысты Жастар орталығы мен Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы бірлесе өткізді. Жарысқа он бір топ қатысты. Жарысқа қатысушы командалар төмендегі шарттар бойынша сынға түсті: «Топтық жарыс», «Жергілікті жерді бағдарлау», «Ғылыми өлкетану жобасын қорғау», «Жумармен биіктікке көтерілу», «Туристік тұрмыс».




