ШҚО Білім басқармасы Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы, ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы және 5518 әскери бөлімінің қолбасшылығы 2016 жылдың 21-22 сәуірінде Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және 5518 әскери бөлімінің (Ұлттық Ұлан) базасында Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыс бойынша облыстық турнир өткізді.
Облыстық турнирге 10 оқу орнынан ұлдар, колледжердің 1, 2 курс студенттері, ШҚО мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысты:
1. Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі.
2. Өскемен экономика және қаржы колледжі.
3. Шәкәрім атындағы үш тілде білім беретін дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп (Семей қ.)
4. Өскемен құрылыс колледжі.
5. Өскемен көпбейінді технологиялық колледжі.
6. Ш. Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Жас Ұлан» ерлер мектеп-лицей-интернаты.
7. Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі.
8. Глубокое техникалық колледжі.
9. №25 облыстық мамандандырылған орта мектеп.
10. Өскемен қ. №36 орта мектебі (байқаудан тыс).
Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері:
- Ұлы Отан соғысына қатысқан шығысқазақстандық батырлардың есімін мәңгі есте қалдыру;
- студент және оқушы жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтін беделін арттыру және өскелең ұрпақ арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау;
- әскери іс негіздері бойынша білімдер мен дағдыларды бекіту;
- жастарды физикалық дайындыққа тарту, мақсат – сол дайындықты әскери қызметті өтеу кезінде қолдану;
- моральдық-психологиялық қасиеттерді, тәртіптілікті, өзара көмек және жолдастық қолдау көрсету сезімдерін тәрбиелеу.
Туринирге қатысушылар 8 кезеңге қатысты:
- жүзу;
- саптық байқау;
- ММГ АК-74 шашу және жинау;
- противогазды кию бойынша нормативті орындау;
- ЖҚК кию бойынша нормативті орындау;
- турникте тартылу;
- орыннан ұзындыққа секіру;
- АК магазинін патрондармен оқтау.
Облыстық турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды Шәкәрім атындағы үш тілде білім беретін дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп (Семей қ.) командасы, екінші орынды – Ш. Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Жас Ұлан» ерлер мектеп-лицей-интернаты командасы, үшінші орынды – Өскемен көпбейінді технологиялық колледжі командасы иеленді. Жүлделі орын алған жеңімпаз командалар кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды. Жекелей біріншілікте 1,2,3 орын алған команда қатысушылары да дипломдармен марапатталды. Облыстық турнирдің командалары белсенді қатысқандары үшін грамоталармен марапатталды.





