• 27 апр. 2016 г.

«Тілдарын - 2016» қалалық олимпиадасының қорытындысы шығарылды

Елордада «Тілеп» қобыз сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тілдарын - 2016» қалалық олимпиадасының және «Тіл шебері - 2016» мемлекеттік қызметші жастар арасындағы қалалық байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Шараның мақсаты үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу болып табылады.

«Тілдарын-2016» қалалық олимпиадасында Ержан Орынбасаров жеңіске жетсе, «Тіл шебері – 2016» конкурсында Тұрар Мықтыбаева үздік атанды.

Шара барысында олимпиада мен байқау жеңімпаздары Астана қаласы әкімінің атынан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Конкурс үш кезеңмен өткізілді. Бірінші кезеңде қазақ тілін, екінші кезеңде ағылшын тілін меңгеру деңгейі тексерілді. Қатысушылар 15 минуттың ішінде тақырыпты ашып беруге тиіс болды. Ал үшінші турдың шарты бойынша қазақ тіліндегі мәтінді синхронды түрде орыс тіліне аудару қажет.

Шара барысында «Бәйтерек» тобы, Маржан Арапбаева, Құрмаш Маханов т.б. қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті.


http://astana.gov.kz


  • Үш тіл- болашақ көпірі

Недавние посты

Смотреть все

Өзін-өзі басқару үйлестірушілерімен онлайн кездесу

Алматы облысында өнер мектебі ашылады

«Бірінші: Гагарин және Куба» онлайн Халықаралық фотокөрмесі

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2021 ж.

РҚББОӘО-ның жұмыс жоспары
РҚББОӘО-ның жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

30.png

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More