2016 жылдың 20 сәуірінде сағ: 18.30-да Жаңа оқушылар сарайы сахнасында «Өнеріміз саған, қазақ елі» атты №2 өнер мектебінің Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арналған жылдық есеп концерті өтті.
"Білім ұясы: Үздік мұғалім -2006" байқауының Бас жүлдегері, Ы.Алтынсарин атындағы медалінің иегері Гүлмира Жангелдіқызы басқаратын білім ордасында музыка, театр, көркемөнер, хореография бөлімдері жемісті жұмыс жасап,өнерлі өрендерді тәрбиелеп келеді. Концертте көптеген республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары "Айналайын" балалар хоры, "Назқоңыр" қобызшылар ансамблі, "Өрлеу" триосы және жоғарыда айтылған бөлімдердің лауреат оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Кеш қонағы актриса, әнші - Айнұр Бермұхамбетова «Айналайын» хорымен бірге «Алтұн ұя» әнін шырқады.Бұл ән «Қазақстан» ұлттық арнасында жүріп жатқан «Алтын ұя» кинофильмінің саунтрегі, яғни бейнеклипіне актриса Айнұр Бермұхамбетова осы «Айналайын» хорымен түскен.Концерт жоғарғы деңгейде өтілді. Концертке мектептің 200 ден астам оқушылары және барлық оқытушылары жұмылдырылды.




