
Андрей Кратенконың С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстандық мемлекеттік университеттің оқыту әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Анар Мырзағалиевамен үш тұғырлы тілді дамыту жөніндегі сұхбатынан
Бүгінгі таңда отандық білім берудің басты бағыты саналатын үш тұғырлы тілді дамыту тапсырмасы қаншалықты қолжетімді деп ойлайсыз?
Толықтай қолжетімді. Ол үшін қажетті жағдайлар жасалып жатыр.
Қазақстан, бәлкім, білім беру саласындағы әр түрлі тілдер тобына жататын үш тілді жоғары деңгейде меңгеру сынды саясат жария етілген әлемдегі жалғыз мемлекет болып табылады. Бүгінгі таңда үш тілдік идея Ұлт Көшбасшысының ең маңызды әлеуметтік басымдылық ретінде жариялауы жайдан жай емес.
Аталған жобаның негізгі – әрбір қазақстандықтың үш тілді менгеру идеясына енуі, ал меткептік және жоғарғы білім беру жүйесі бұл үшін шынайы жағдай жасауы болып табылады. Мақсатымыз - Қазақстанның экономикасы мен бәсекеге қабілеттілігін артуына, әлемдік,соның ішінде,білімдік аумаққа сәтті енуіне үлес қосу.
Бүгінгі таңда қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін жетік біледі. Үш тілді меңгеру - бұл ғалымдық өмірге жолбағдар, адамның өміріндегі табыстылығының принципі. «Бұл ғаламда біздің балаларымыз жер шарының азаматтары болады, олар дүниенің әр бұрышында қызмет жасауы тиіс болады, сондықтан олар өздерін осы күрделі өмірде еркін сезінулері тиіс» -деді мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев.
Осылайша үш тұғырлы тіл заманауи қоғам доминаты ретінде болашаққа аппарар көпір болып саналады. Қазіргі уақытта үш тілді білім беру идеясы «Бес институтционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі -100 нақты қадам- ұлт жоспарында» көрініс тапқан.