• 20 апр. 2016 г.

Аймақтық «KazRoboSport – 2016» іріктеу чемпионатының ақпараты

Астана қаласы білім басқармасының қолдауымен «КазРоботикс» Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайымен бірлесіп аймақтық «KazRoboSport – 2016» іріктеу чемпионатын өткізеді. Чемпионат үш санатта өтеді: кегельринг, сызық бойымен жүгіру және робо-сумо.

Қазақстан робототехниктерін біріктірген коммерциялық емес ұйым, «Қазақстан спорттық және білім беру робототехникасының Федирациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі өз жұмысын 2015 жылдың маусымынан бастады.

Федерация үш бағытта жұмыс жасайды:

  1. Білім – Қазақстан білім беру жүйесіне робототехниканы жаппай енгізуге жәрдемдесу

  2. Спрот – ұйымдастыру, робототехника бойынша республикалық іріктеу жарыстарын өткізу, Қазақстан құрамасын халықаралық жарыстар мен чемпионаттарға жасақтау

  3. Ғылым – ұйымдастыру, робототехника бойынша ғылымитехникалық жобаларды қорғау мақсатында байқаулар мен көрмелер ұйымдастыру, жас ғалымдарға қолдау көрсету, халықаралық олимпиадаларға қатысу.

KazRoboSport – 2016 облыстық іріктеу чемпионаттары ел бойынша 2016 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында өткізіледі.

Чемпионатқа Астана қаласының Назарбаев зияткерлік мектебі МКҚМ Оқушылар сарайының жанындағы «Роботэк» робототехника клубы, «Шестеренки» тәжірибелік механика және робототехника командалары мен Ақмола облысының балалар және жасөспірімдер командалары қатысады. Ережеге сәйкес, қатысушылардың жас ерекшеліктері жас кезеңдеріне бөліне отырып, жастары 10 жастан 25-қа дейін болуы мүмкін. Чемпионатқа қатысу үшін робот платформасы: шектеусіз.

Іріктеу чемпионатына қатысу көрермендерге де, қатысушыларға да тегін болады. Жеңімпаздар Федерация дипломын және жылсайынғы республикалық «KazRoboSport» чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады. Жарыс кезінде «Робототехниканы оқыту» шеберлік сабағы өтеді.


  • эврика каз

Недавние посты

Смотреть все

«Алтын жүрек» республикалық байқауының жүлдегерлері

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More