2016 жылдың 6-10 сәуір күндері Байқоңыр қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ХІІ Халықаралық ғарышытық зеттеулер бойынша ғылыми жарыс өтті. Байқаудың мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету, оқушылардың ғылыми ізденіске қызығушылығын дамыту, отандық және әлемдік ғарыш саласындағы жетістіктерді насихаттау. Жарысқа Қазақтан Республикасы мен Ресей Федерациясынан 400-ге тарта оқушы қатысты. Олардың ішінде (БҚО командасы – 8 оқушы) Орал қаласынан 6, Тасқала ауданынан 1 оқушы, Казталовка ауданынан 1 оқушы қатысты.
Жарыстың жеңімпаздары:
1. Тайманов Аслан - Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі, Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі нің 11 сынып оқушысы «Жер бетін қашықтықтан алдын-ала тексеруге арналған ғарыштық дромды жасау және құрастыру» ғылыми жобасымен «Зымырандық техника, инфрақұрылым және экология» номинациясы бойынша – 1 орын (жетекшісі – А.Кушегалиев);
2. Журтабаев Саян - Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы, «TUKS – 16» моделімен «Зымырандық техника және инфрақұрылым» номинациясы бойынша – 1 орын (жетекшісі – Б.Мауленов);
3. Самигуллиева Гульшанат - Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі нің 11 сынып оқушысы «Кванттық теориядағы гравитациялық өзара әрекеттестесуді модельдеу» жобасымен «Астрофизика және Дүние жүзінің эволюциясы» номинациясы бойынша – 2 орын (жетекшісі – А.Кушегалиев);
4. Бактығали Ильдар - Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы «Конструирование марсохода KazMars на примере построения информационных устройств робототехнических систем» жобасымен «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу» номинациясы бойынша – 2 орын (жетекшісі – Ш.Шоңыраев);
5. Жанболатова Бекзат - Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі, №7 жалпы орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы «Конструирование марсохода KazMars на примере построения информационных устройств робототехнических систем» жобасымен «Ғарыштық ақпараттық технология
лар және модельдеу» номинациясы бойынша – 2 орын (жетекшісі – Ш.Шоңыраев);
6. Задагереева Айнара - Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы «KAZ-30-01 әмбебаб станциясы» жобасымен «Зымырандық техника және инфрақұрылым» номинациясы бойынша – 2 орын (жетекшісі – Ш.Шоңыраев).
Ғылыми жарыста ерекше жетістіктері үшін «Дарын» грамотасымен:
Уразтаев Нұрбек - Қазталов ауданы, Қазталовка жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы марапатталды.





