2016 жылдың 6-10 сәуір күндері Байқоңыр қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ХІІ Халықаралық ғарышытық зеттеулер бойынша ғылыми жарыс өтті. Байқаудың мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету, оқушылардың ғылыми ізденіске қызығушылығын дамыту, отандық және әлемдік ғарыш саласындағы жетістіктерді насихаттау. Жарысқа Қазақтан Республикасы мен Ресей Федерациясынан 400-ге тарта оқушы қатысты. Олардың ішінде (БҚО командасы – 8 оқушы) Орал қаласынан 6, Тасқала ауданынан 1 оқушы, Казталовка ауданынан 1 оқушы қатысты.





