• 13 апр. 2016 г.

Таза аудандағы жаз

Шарбақты ауданында «Жаз-2016» бағдарламасы басталды. Аудан мектеп оқушыларының жазы «Наше Лето в чистом районе» экологиялық бағдарламасынан басталды. Осы бағдарлама волонтерлік отряд жасау үшін оқушылардың күшін біріктірді және экологиялық мәдениетті, қоршаған ортаға бағалы қатынасты қалыптастыру үшін бірлескен акция және іс-шаралар өткізуге мүмкіндік берді. Волонтерлік отрядтар жұмысқа кірісті. Олар мектеп аймақтарын, демалыс нысандарын ретке келтіреді, құрғақ шөптің жануын алдын алу үшін аумақты патрульдейді, орманды тазалаумен айналысады, экологиялық бағыттағы парақшалар және қабырға газеттерін жасап шығарады. Жас экологтар «Активны с самого детства» атты ұранымен жұмыс атқарады. Жоба аясында «Лучший волонтерский отряд» атты байқау ұйымдастырылды. Жаңа жұмыстағы ерекше белсенділікті Шегірен ЖОМ оқушылары білдірді. «Жана өркен» атты волонтерлік отряд «Под единым мирным небом» насихаттау бригада жобасы байқауының 1 кезеңіне қатысты, өздерінің отрядтарының презентациясын көрсетті. Содан кейін отряд зейнеткерлер мен соғыс ардагерлері үшін «Жана өркен шақырады» атты қайырымдылық концертін ұйымдастырды және өткізді. Қарт адамдардың көңілдері көтерілді, оқушыларға жылы көңілмен қабылдағаны үшін және мектеп оқушылар өз қолдарымен жасаған сыйлықтары үшін алғыстарын білдірді. «Лучший волентерский отряд» жобасы аясында Шегірен ЖОМ балалары волонтерлік отрядтын орманға шығуымен «экодесант» өткізді, мектеп вожатыйы Гүлнар Шаймордановна Жұмагұлованың және сынып жетекшілердің басшылығымен отрядтар орманды қоқыстан тазалауды жүргізді. «Жақсы жұмыс атқардық, демалуға да болады. Ата-аналардың қатысуымен бастауыш сынып оқушылары үшін «Толағай» қызықты спорттық іс-шарасы өткізілді. Осы спорттық іс-шарада негізінен балалар әкелерімен әр түрлі жарыстарға қатысты, қайда әрбірі өзін жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Шарбақты ауданының оқушылары өздерінің игілігі үшін және туған ауылдары үшін осы сияқты іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді», - деп оқу бөлімінің әдіскері Нина Ивановна Дрибас айтады.


  • тәлімгер

Недавние посты

Смотреть все

«Алтын жүрек» республикалық байқауының жүлдегерлері

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More